«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіпкерлік негіздері бойынша ТжКБ педагогтарының біліктілігін арттыру курстары өтті

26.06.2020

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Атамекен» аймақаралық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер» тақырыбы бойынша колледждердің педагогикалық қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Курстар 2020 жылғы 15-26 маусым аралығында қашықтықтан өтті. Оған  23 педагог қатысты.

Аталған курстардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік негіздері, экономика, менеджмент, маркетинг және бизнес бойынша базалық білім алу болып табылады. Сабақта курс тыңдаушылары өздерінің бизнес-жобаларын қорғайды және тәжірибе алмасады. Бұл бизнес - ойлауды қалыптастыруға, экономикалық терминологияны, бизнестің құқықтық нысандарын зерделеуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік негіздері болашақ түлектерді еңбек нарығында  барлық жағдайға дайын болуға және қорғалуға үйретеді.

 

Просмотров: 806


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст