2020 жылғы 25 маусым күні Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімі білім басқармасы басшысының колледж директорларымен өткізген вебинар – кеңеске қатысты.
Талқыланған мәселелердің бірі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру курстары туралы болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Ақмола облысының ТжКБ жүйесі педагогтарының біліктілігін арттыруды өткізеді:
- «Атамекен» АКП (23 тыңдаушы) – «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курстарын.
- «Талап» КЕАҚ - колледждердің 415 педагогы үшін біліктілікті арттыру курстарын.
- «Көкшетау қ., Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы 108 тыңдаушы үшін «Оқушылардың сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курстарын.
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.А.Жүсіпов педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының маңыздылығына баса назар аударды, өйткені оқыту кәсіби дағдыларды жетілдіреді, жеке тұлғаны дамытады, әрі қарай өзін-өзі кәсіби дамытуға мүмкіндік береді.