«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда алғаш рет экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының мұғалімдер корпусының халықаралық TALIS-2018 зерттеуі өтпекші

27.02.2018

Бүгін, яғни 2018 жылғы 26 ақпан күні Қазақстанда алғашқы рет сабақ беру мен оқытудың халықаралық TALIS зерттеуі басталды. Зерттеуге Қазақстан Республикасы бойынша 331 мектеп, халықаралық іріктеуден өтті, оның ішінде Ақмола облысынан 24 мектеп.

TALIS- 2008 әр мектептен директорлар мен іріктеп алынған 20 мұғалім қатысады. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды. 331 мектептің директорлары мен оның мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады. Қазақстаннан басқа аталмыш зерттеуге 47 мемлекет қатысады.

TALIS-2008 жылдан бастап, әр 5 жыл сайын өтетін әлемдегі мұғалімдер корпусының ең үлкен халықаралық зерттеуі болып табылады. Зерттеу мұғалімдердің қызметіне, инновациялылығына, еңбек жағдайына, әлеуметтік статусына сырттан салыстырмалы баға береді. Сондай-ақ, зерттеу барысында мектептегі көшбасшылыққа және ахуалға талдау жүргізіледі. TALIS қиындықтарды анықтап, 48 мемлекеттің ұстаздар корпусын жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды. Жобаны экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы үйлестіреді.

TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері 2019 жылдың маусым айында жарияланады. Қазақстандық мұғалімдер, директорлар жайлы және де олардың еңбек жағдайлары туралы алғашқы рет объективті әрі басқа елдермен салыстырмалы деректер алынатын болады.

Зерттеу мектеп мұғалімдері мен директорлардың дауысын ұлттық және халықаралық деңгейде естілуіне мүмкіндік береді. TALIS зерттеуінің нәтижелеріне қарай, қатысушы елдер оқытуға тиімді жағдай туғызу мақсатында өз білім саясатын қайта қарастырып, дамудың жаңа басым бағыттарын анықтайды.

Мысалы, TALIS-2013 зерттеуінің нәтижесінде Шанхайдағы мұғалімдердің жалақысы 10% көтерілді. Аустралияда жоғары оқу орындарында жаңа педагогикалық дайындық бағдарламалары ашылып, кәсіби стандарттар жаңартылды. Италияда «Жақсы мектеп» бағдарламасының аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қосымша ақша бөлінеді және әр мұғалімнің нәтижелігіне қарай төленетін жалақы беріледі. Англияда тексерістен «жақсы» бағаға өткен мектептерде үш жылда бір күн өтетін «қысқа мерзімді тексерістер» енгізілді.

Просмотров: 559


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст