2018 жылғы 14 ақпан күні Көкшетау қаласының № 1 орта мектеп-гимназиясында Көкшетау қаласының 10-11 сынып оқушыларының Қазақстан-Британ техникалық университетінің өкілдеріменкездесуі өтті. Университет өкілдері еліміздің ең беделді техникалық жоғары оқу орындарының бірінде білім алу ерекшеліктері туралы айтты. ЖОО қандай мамандықтар бойынша оқытады, түлектер кім болып және қайда жұмыс істей алатыны жөнінде рекрутинг қызметінің менеджері Рыспаева Шынар айтып өтті.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін оқушыларға үлестірме материалдар, буклеттер берілді, сондай-ақ профессор, бизнес-мектептің директоры Кен Чармэн мырзаға, маркетинг қызметінің басшысы Дінмұхамет Канапьяновқа өздерін қызықтырған сұрақтарды қою мүмкіндіктеріне ие болды.
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2001 жылы ашылған Қазақстан-Британ техникалық университеті құрамында университеттерді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық институттарды біріктіретін және ғылым – білім – өндірістің нақты ықпалдасуын қамтамасыз ететін жаңа буынның жоғары оқу орны болып табылады.