Текст
Алдын алу жұмыстарын тиімді орындау және оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелері мен іс-қимылдарын үйрету мақсатында 2018 жылғы 6 ақпан күні Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментімен білім беру ұйымдарының оқушыларына интерактивті сабақ өткізілді. Аталған шараға 1657 оқушы қатысты.
Ақпараттық - алдын алу жұмыстарын өткізу барысында оқушыларға азаматтық қорғау органдарының қызметі туралы слайдтар, фильмдер, сондай-ақ оқыту бейнероликтері көрсетілді.