«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде білім беру» тақырыбында өткен семинар туралы ақпарат

31.01.2018

2018 жылғы 29 қаңтар күні облыс бойынша үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын іске асыру аясында Ерейментау ауданының №2 МЛ және Бөгенбай батыр атындағы қазақ мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде білім беру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда математика пәнінің мұғалімдері Х.Т.Исина, А.О.Алибекова, А.Б.Төленов, О.С.Забиякина, Л.Қ.Омарова, Г.К.Тлеубаева, Ғ.Жәрдембек, химия пәнінің мұғалімі А.К.Шаймерденова, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Н.С.Крюков, Б.Ж.Нұрмұханов, Э.Б.Мұхамеджанова, А.З.Мажитова жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық сабақтар және ағылшын тілін енгізу элементтерімен шеберлік сағаттарын өткізді.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты үштілді білім беру аясында Ерейментау ауданының мұғалімдерін курстан кейінгі сүйемелдеу болып табылады.

Сабақтар жаңартылған білім беру мазмұнының құрылымын және дидактикалық принциптерін сақтай отырып өткізілді. Үштілділік бойынша белсенді және тиімді жұмыс тәсілдері көрсетілді.

Просмотров: 519


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст