«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік кабинеттің қызметкерлеріне арналған облыстық семинар-кеңестің өткізілуі туралы ақпарат

31.01.2018

2018 жылғы 31 қаңтар күні Шортанды ауданындағы №2 орта мектепте білім бөлімінің қызметкерлеріне, оның ішінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырушы әдіскерлерге арналған «2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыру аясында курстық даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинарда «Педагогтардың кәсіби дамуы – жаңартылған білім мазмұнының маңызды бағыты», «Әдістемелік кабинеттің жұмыс жүйесі «Білім берудегі модернизация кезеңінде педагогтардың үздіксіз оқыту жүйесіндегі әдістемелік жұмыстың маңызды сатысы»тақырыптарында баяндамалар оқылып,облыс педагогтарынан үздіксіз білім беруді дамытуда кездесетін өзекті мәселелерден туындаған бірқатар сұрақтар көтерілді.

Сондай-ақ, семинар-кеңесте Шортанды ауданының инновациялық алаңы бойынша келесі бағыттар бойынша презентация көрсетілді:

•«Шортанды ауданындағы педагог қызметкерлердің әріптестігін желілік қауымдастық арқылы қамтамасыз ету»;

•«Үштілділік – қазіргі заманғы басым бағыттардың бірі».

Шортанды ауданындағы «Дамса» орта мектебінің педагогтары

Воронкова Т.И. және ВиховскаяК.Н. «Робототехника» және «Бастауыш сыныпта көптілділікті енгізу» тақырыптарында үйірме жұмысы бойынша презентация көрсетті.

Семинар-кеңес қатысушыларымен бірге қорытынды шығарылып,

«2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыру аясында»және педагог кадрлардың кәсіби құрамын жақсарту мақсатында ұсыныстар енгізілді.

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст