«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы аясында Ақмола облысы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі мәлімет

29.01.2018

Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесін реформалауда жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру ерекше орын алады.

Білім беру мазмұнын жаңарту орта білім беру моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту, тәрбиелеу, тәсілдерін және әдістерін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді қайта қарауды ұсынады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында барлық шаралар кешені тұлғаның білім беру кеңістігін үйлесімді дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.

Алайда педагог кадрларлардың осы өзгерістерге сәйкес бола алатындай кәсіби даму деңгейі жеткіліксіз болса, білім беру мазмұнын және үлгісін жаңарту күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмайды.

2016 жылдан бастап 10000-нан астам педагог білім беру мазмұнын жаңарту бойынша «Өрлеу» АҚ Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында және Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында пәндік біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтарды жаңартылған білім беру бағдарламаларының мазмұнымен және құрылымымен таныстыру және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша курстар аясында тыңдаушыларды оқыту бағыттары:

оқыту мақсаттарын құрудың шиыршық үлгісін құру;

білім берудің қоршаған ортамен өзара байланысы және бағыттылығы;

пәнаралық және пән ішіндегі интеграциялау;

үш тілде білім беру;

критериалды бағалау жүйесін қолдану;

дағдыларын дамыту;

белсенді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және үштілдік білім беруді дамыту аясында 2016 жылдан бастап «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша тілдік курстарда облыстан 700 педагог оқытылды және 40 мұғалім 2018 жылы оқуын жалғастыруда.

Тілдік курстың 8 тыңдаушысы 2016 жылы 19-23 желтоқсан аралығында тестілеу және ON-LINE - сұхбат қорытындысы бойынша Сеулде және Гонконгта тілдік тәжірибеден өтті.

Педагогтарды тілдік курста оқыту 2019 жылдан бастап 10 - 11 сыныптарында жекелеген жаратылыстану- ғылыми пәндерді ағылшын тілінде оқытуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде біздің барлық мектеп бітірушілер деңгейде үшін елде және жаһандық әлемде өмір мен жұмыс үшін қажетті үш тілді еркін меңгеретін болады.

Біздің ел 12-жылдық оқытуға көшудің бастапқы кезеңінде тұр. Бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бағдарламаларына негізделген, білім берудің мүлдем жаңа форматы. Форматты өзгерту біздің мектептерге білімнің шамадан тыс жүктемесінен және энциклопедиялығынан талдау, қорытынды жасау, сыни тұрғыдан ойлауға көшуге мүмкіндік береді.

Просмотров: 519


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст