«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа әлемге бейім болу

11.01.2018

Ақмола облысы білім басқармасының

«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ

әдіскері Жанаргүл Құсниденқызы Даниярованың

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде пікірі.

Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында еліміздің дамуына жаңа бағыт-бағдар ұсынылып, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарына анық нұсқаулықтар мен басымдықтар орнатты.

Н.Ә.Назарбаев жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екенін ескере отырып 10 міндеттерді анықтады.Соның ішінде- адами капитал- жаңғыру негізі.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

Жолдауда педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау жөнінде айтылады.Мектепке дейінгі білім беру мен орта білім беру саласында өзгерістер күтулуде, балалардың ерте дамуына назар аударылады.

Ерекше назар білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетініне аударылып отыр.

Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп және «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғасын табуда.

Мен Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын толығымен қолдаймын, өйткені білім саласы мамандарының алдында нақты міндеттер қойылған және біздің мақсатымыз- сол міндеттерді адал іске асырып, білімі мен біліктілігі жоғары қоғамға ұмтылу, өзіміздің мәдениетіміз бен идеологиямызды дамыту.

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст