2017 жылғы 14 желтоқсан күні Ақмола облысы білім басқармасының мәжіліс залында "Табысты менеджер - 2017" облыстық конкурс қатысушыларымен кездесу өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институтының базасында "Табысты менеджер - 2017" республикалық кезеңі өтті. Ақмола облысының атынан Республикалық конкурсқа 3 қатысушы қатысты: Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлының, Көкшетау қ. М. Ғабдуллин атындағы № 3 МГ директоры А.К.Балташеваның, Бұланды ауданы Никольск ОМ директоры С.М.Ержановтың.
Құттықтау сөзбен білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Б.Дүйсенова сөз сөйледі. Облыстық конкурс қатысушыларына марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Конкурс қатысушыларына мықты денсаулық, шығармашылық еңбек, табыс тілейміз!