2017 жылғы 12 желтоқсан күні Жилбаев Жанбол Октябрьұлы - педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент, Ыбрай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президентімен және Мухамедханова Алмагүл Кеңесханқызы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жаңыртылған білім мазмұнын тасымалдау орталығының директорымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Үлгілік оқу бағдарламаларының жобалары және 12 жылдық білім берудің 0+11 құрылымы ұсынылды және талқыланды.
Аталған іс-шараға Дүйсенова Б.Б.- облыстық білім басқарма басшысының орынбасары, Кұдабаева К. Е. - облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры, Сулейменова А. Т.- мектепке-дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы, орынбасарлары, мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп директорларының бастауыш сыныптар бойынша орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілері, білім беру басқармасының әдіскерлері, мамандары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлтттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиал қызметкерлері қатысты.
Педагогтар жаңартылған білім беру мазмұнын сәйкес туындаған проблемаларға байланысты, жиынтық тапсырмаларға әсер ететін оқу бағдарламасының мазмұнына оқулықтардың сәйкес келмеуі туралы маңызды сұрақтар қойды. Осы мәселелер бойынша мұғалімдер толық нақты жауап алды.
Ыбрай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жұмыс тобымен бірлесе отырып, білім беру мазмұнын негізгі өзекті мәселелерін одан әрі қарастыруды жоспарлап отыр.