2017 жылы 5 желтоқсан күні Жақсы ауданы Запорожье орта мектебінде семинар «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндердің (химия, биология, география) қорытынды аттестатциясына және ҰБТ-2018 жаңа форматына дайындау формалары мен әдістері» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Алты ауданнан 44 педагог қатысты: Жарқайың, Жақсы, Есіл, Атбасар, Сандықтау және Зеренді аудандары.
Семинар практикалық-бағдарланған тәсілде болды. Жақсы ауданы мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен әдістемелік көрме ұйымдастырылды, түлектерге психологиялық көмек көрсету үшін мұғалімдерге шеберлік сабақтар, тренингтер, ашық сабақтар өткізілді. Пән бойынша білімдерін дамыту мақсатында өткен жылғы қателіктерді анықтай отырып тест тапсырмалары қаралды, мұғалімдермен оқытудың белсенді әдістері қолданылды: миға шабуыл, идеялар себеті және т. б.
Семинар барысында оқушылардың емтихандарды ойдағыдай тапсыруға дайындығын арттыру бойынша жанды пікірталас өтті, тәжірибемен алмасты. Әдістемелік ұсыныстар ұсынылды – бітіруші сыныптармен мақсатты жұмысты белсендіру, тәжірибеде шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды пайдалану, зерттеушілік дағдылары мен машықтарын дамыту, «Білім Land» сандық білім беру ресурстарын, компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалану.
Семинардың соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.