2017 жылғы 30 қараша күні Ерейментау ауданы Бөгенбай батыр атындағы орта мектепте Ерейментау аудандық мұғалімдері арасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурстың аудандық кезеңі өтті.
Ұсынылған жұмыстарды экспорттауда оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б.Кушпаевамен және облыс әдіскерлермен барлық материалдар қарастырылды. Барлығы 38 жұмыс зерттелді.Конкурстың негізгі критерийлері - мұғалімнің шығармашылық бағыттылығы, инновациялық жұмыс әдістерінің жаңашылдығы, ерекшелігі, қызықты идеялары.
Қаралған жұмыстардың көбі конкурстың ұсынылған критерийлері бойынша төмен және мұқият пысықтауды талап етеді. Оқыту қызметінің алгоритміне және өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге нақты ұсыныстар берілді.