«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ашық сабақ» педагогикалық инновациялық фестивалі

30.11.2017

Осындай атаумен 2017 жылы 29-30 қараша күндері Новоишимка ауылының №9 Агротехникалық колледжінің базасында арнайы пәндер оқытушыларына арналған әдістемелік семинар өтті.

Бұл күндері колледжде 23 колледжден әр түрлі бейіндегі оқытушылары жиналды. Олар өздерінің сабақ беру тәжірибелерімен, оқытуда жаңа әдістерді қолдануымен куана бөлісті. Педагогтар өз әріптестерінің қатысуларына қызығушылықпен қарап, ойларын бөлісті. Олар: презентация, зертханалық-практикалық сабақтар, іскерлік ойындар, әңгімелесу, шеберлік сабақтары, бинарлық сабақтар.

Жұмыста пайдаланатын жаңа ақпараттық технологиялар, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, модульдік оқытуда CLIL әдістемесін қолдану практикада оқу үлгерімінің сапасын арттырудағы оң нәтижесін береді. Әрине, оқытушылар өздерінің оқу-тәрбие процесіндегі проблемаларын да айта кетті: арнайы пәндерден оқулықтардың жетіспеуі, мектептегі білімнің нашар болуы.

Барлық семинар жақсы өтты. Бөлім басшысы С.Сералинаның ұйымдастыруымен өткізген тақырыптық тренинг жаттығулары педагогтардың сабақ беру нысаны және өздеріне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

Семинардың жақсы, қызықты өтуі – бұл Новоишимка ауылы, №9 Агротехникалық колледжінің педагогтар құрамының жұмысы үйлесімді ұйымдастырылған нәтижесін көрсетеді.

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст