2017 жылғы 15 - 16 қараша күні «Табысты менеджер – 2017» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Аталған конкурс Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді. Конкурстың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды анықтау, мадақтау және қолдау көрсету, үздік инновациялық менеджментті Ақмола облысының білім беру ұйымдарында насихаттау.
Конкурсқа 12 директор қатысты: 6 орта мектеп директоры, 5 шағын жинақталған мектеп директоры, 1 колледж директоры.
Конкурс барысында қатысушылармен «Мен білікті басшымын» презентациясы, «Табысты білім беру ұйымдарының заманауи моделі» жобасы, «Заманауи басшы: табыс формуласы» әдістемелік көрме, эссе және «Басқарудағы менің жетістіктерім» бейнеролигі ұсынылды.
Конкурс барысында қазылар алқасы білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларын анықтады және олардың жетістіктеріне сәйкес жүлделі орындарын белгіледі:
1. І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі жалпы білім беретін мектеп директорлары марапатталды:
1 орын - А.К. Балташева, Көкшетау қ., М. Ғабдуллин атындағы № 3 МГ директоры;
2 орын - Е. Р. Байдүсенов, Жақсы ауданы Запорожский ОМ директоры;
3 орын - Э.В.Шлейнингер, Бурабай ауданы С. Сейфуллин атындағы ОМ директоры;
2. І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі шағын жинақталған жалпы білім беретін мектеп директорлары марапатталды:
1 орын – С. М. Ержанов, Бұланды ауданы Никольск ОМ директоры;
2 орын – Л. В.Ерке, Сандықтау ауданы Лесной ОМ директоры;
3 орын – Р. Ш.Крылатая, Степногорск қаласы Ақсу поселкесі № 3 ОМ директоры.
3. І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары марапатталды:
1 орын – Н.А.Ахат, Көкшетау қаласы Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры.
I дәрежелі диплом иегерлері ағымдағы жылдың 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында өтетін «Табысты менеджер – 2017» республикалық конкурсқа қатысады.
Келесі директорлар А.К.Балташеваға, С.М.Ержановқа және Н.А. Ахатқа республикалық конкурста жеңіс тілейміз.