«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқу бағдарламаларымен танысу және 3,6,8 сыныптарға арналған оқулықтарды талқылау бойынша өткен семинар туралы ақпарат

28.11.2017

2017 жылғы 27-28 қараша күндері Ж.Мусина атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің базасында жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқу бағдарламаларымен танысу және 3,6,8 сыныптарға арналған оқулықтарды талқылау бойынша екін күндік семинар өтті. Семинарға Ақмола облысының 18 ауданы мен екі қаласынан 300 мұғалім қатысты. Жұмыс секциялар бойынша ұйымдастырылды, барлығы жоғарыда көрсетілген сыныптардың барлық пәндері бойынша 17 пәндік секция ұйымдастырылды. Аталған семинарға 3,6,8 сынып пәндері бойынша әр түрлі баспа өкілдері мен оқулықтардың авторлары қатысты. Баспалардың қатарында келесі баспалар бар: «Оқулық» республикалық орталығы, «Мектеп», «Алматы кітап», «Атамұра», «Арман – ПВ», «Жазушы», «Білім», «Көкжиек – Горизонт», «Келешек -2030», «Oxford University Press», «Express Publishing», «Cambridge University Press», «ММ Пабликейшнс», «Macmillan Education». Осы баспалардың авторлары 3,6,8 сынып пәндері бойынша оқулықтарды Ақмола облысының барлық аймағынан келген мұғалім-практиктердің талқылауына ұсынды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетекші мұғалімдерімен мұғалімдерге пәндер бойынша, жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері бойынша бейне презентациялар мен шеберлік сабақтары ұсынылды. Жекелеген баспа оқулықтардың мазмұны бойынша мұғалім-практиктер кейбір ұсыныстар енгізді. Семинар соңында мұғалімдерге сертификаттар берілді.

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст