«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалық шақты таңда» бағдарламасы бойынша түзету және тәрбие жұмысының ерекшеліктері» тақырыбы бойынша облыстық семинар-практикумы

24.11.2017

Ақмола облысының іс шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 24 қараша күні «Атбасар қаласының №2 облыстық арнайы түзету мектеп – интернаты» КММ- де облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинардың тақырыбы: «Балалық шақты таңда» бағдарламасы бойынша түзету және тәрбие жұмысының ерекшеліктері»

Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты - Ибраев Марат Өмірбайұлы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, білім басқармасының бас маманы - Темірбаева Майя Жеңісқызы, сондай-ақ, оқу-әдістемелік кабинетінің инновациялық-аналитикалық жұмысы бөлімінің басшысы Слушаш Тельмайевна Қожахметова сөз айтты.

Семинарға 63 педагог қатысты. Семинардың қатысушыларына – білім басқармасының мамандарына Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептердің түзету сыныптарының мұғалімдері мен оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорларының орынбасарларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның барысында олар мектеп-интернатының материалдық-техникалық базасымен, оқуды ұйымдастырудың жағдайларымен, оқушылардың бос уақыты мен әлеуметтік бейімделуімен таныстырылды.

Семинардың қонақтары қызықты ашық сабақтарға, түзету және логопедиялық сабақтарға, сынып сағаттарына, тәжірибелі дефектолог – мұғалімдері дайындаған сыныптан тыс іс-шараларға қатысты. Ашық іс-шаралар «Жер – біздің ортақ үйіміз», «Әрбір бала дарынды», «Мен – Қазақстанның азаматымын», «Сенің денсаулығың өзіңнің қолында», «Мен өзім», «Балалар, құқық, қоғам», «Жақсылық жасауға асығыңыздар» бағдарламаның бағыттары аясында өткізілді.

Семинардың барысында арнайы түзету мектеп – интернаты және жалпы білім беретін оқу орындарының түзету сыныптарымен ынтымақтастығы туралы талқыланды, мектеп мұғалімдері конференцияларды өткізуді, мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету жұмысының тәжірибесімен алмасуды ұсынды.

Семинардың соңында іс-шараның қатысушылары пікірлер кітабында ұжымға ізгі тілектер қалдырды, жақсы қабылдағандары үшін алғыстарын білдірді, бірлескен серіктестік туралы пікірді қолдады.

Просмотров: 600


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст