2017 жылғы 24 қараша күні Бурабай ауданы Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, пилоттық жобадағы білім беру ұйымдарының оқу- тәрбиелеу процесіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасы оқу – әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының» 20 жылдығына арналған «Жаңғыру 3.0» бағдарламасын іске асыру аясында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының адами капиталдың сапасын жақсартуға әсер етуі» тақырыбында Тара қаласы Омск мемлекеттік педагогикалық университеті филиалының өкілдерінің (Ресей Федерациясы), Алматы қаласындағы "Бөбек" ҰҒПББСО, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалдарының қызметкерлерінің және Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының педагогикалық қызметкерлерінің қатысуымен Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.
Облыс бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына «Өзін-өзі тану» пәнінің 120 оқытушысы қатысты.