23-24 қарашада Қостанай қаласында «Әдістемелік кабинеттердің үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүйесі» тақырыбында республикалық семинар- кеңес өтті.
Аталған семинар-кеңесте Ақмола облысынан Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің әдіскері Алиева Сәуле Сағитқызы, Ақкөл ауданы білім бөлімінің әдіскері Ахметова Қатима Амантайқызы, Шортанды ауданы білім бөлімінің әдіскері Едігенова Қарлығаш Төлеубайқызы қатысты.
Алиева Сәуле Сағитқызы пленарлық отырыста «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерді даярлауда біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі» баяндамасымен сөз сөйледі.
Өз сөзінде Сәуле Сағитқызы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда шешуші фактор ретінде белгіленген, жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша оқу-әдістемелік кабинетімен жүргізіліп жатқан жұмысты айтып өтті.