Текст
2017 жылғы 21 қараша күні Павлодар қаласында дуальды оқытуды енгізу бойынша тәжірибені түйіндеу және жариялау мақсатында «Дуальды оқыту: үздік тәжірибелер, трендтер және стратегиялар» атты халықаралық конференция өтті. Аталған семинарға Ақмола облысынан облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құдабаева Қарлығаш Есімқызы қатысты.
Конференция жұмысына халықаралық серіктестердің сарапшылары (Германия, Финляндия, Ресей), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қазақстан Республикасы Энергетика министрліктерінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ТжКББ оқу орындарының өкілдері қатысты.