2017 жылғы 17 қараша күні Қарағанды қаласында «Жаңартылған білім беру мазмұнының жағдайында ШЖМ дамуының келешегі» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Аталған семинарға оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құдабаева Қарлығаш Есімқызы, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Мұхамеджанова Алма Қайыркенқызы, білім басқармасының маманы Бекбай Кенжебай Айдосұлы қатысты.
Семинарда II «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурстың қорытындысы шығарылып, дипломдар табысталды. Конкурстың қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықпен Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің «Капитоновский орта мектебі» ресурстық орталығы марапатталды.
Конкурс ресурстық орталықтар қызметін ұйымдастырудың озық тәжірибелерін анықтау, қорыту және тарату, ресурстық орталықтардың басқарушылық, әдістемелік және оқу-тәрбиелік қызметіндегі жаңа педагогикалық идеялар мен инновациялық тәсілдерді іздестіру мақсатында өткізілді.