Текст
2017 жылғы 15-16 қараша күндері аралығында Ақмола облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинеті базасында «Табысты менеджер-2017» конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты: білім беру ұйымдарының басқарушылық әлеуетін арттыру, басқарушылық қызметтегі тәсілдерді ынталандыру. Конкурсқа Ақмола облысының білім беру ұйымдарының табысты және өз еңбегіне шығармашыл жағынан келетін, мектептерінде оқу-тәрбие үрдісінің тиімді нәтижелерін алған басшылары қатысты. Облыстық конкурстың жеңімпаздары 2017 жылғы 7-8 желтоқсан күндері аралығында Республикалық конкурсқа қатысады. Қатысушыларға сәттілік тілейік!