«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 2 қараша күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған «Мәңгілік ел бастауы - рухани жаңғыру» облыстық семинар өткізілді.
Аталған іс шараның басты мақсаты өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, Отан алдындағы борышын, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру.
Семинар жұмысына Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат бөлімінің мамандары, Ақмола облысы «Нұр Отан» жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымы, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, Көкшетау қаласы Интегро салалы аймақтық ақпарат орталығының директоры, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Алғы сөзімен Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құдабаева Қарлығаш Есімқызы сөз сөйледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы» Ақмола облысы «Нұр Отан» жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бекешев Сұлтанбек Евгеньевич сөз сөйледі.
«Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» баяндамасымен Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және әлеуметтік бастамаларын қолдау бөлімінің бас маманы Сембі Әділет Полатұлы таныстырып кетті.
"Рухани жаңғыру" бағдарламаның орындалу барысы туралы Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Ли Марина Борисовна айтып өтті. «Мамандық әлемі» кіші бағдарламаны ендіру » туралы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Сералина Сәуле Сәлімжанқызы хабардар етті.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы – «Рухани жаңғыру - жарқын болашақтың негізі» туралы хабардар етті. ««Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту» туралы Степногорск қаласы, №2 Индустриалдық -техникалық колледжінің директорының оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сатанова Айнұр Бейсембайқызы таныстырды.
Семинар аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру мәселелері бойынша қатысушылар арасында сындарлы пікірталас өтті, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.