2017 жылғы 1-3 қараша күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен «Үздік жыл психологы» конкурсының республикалық кезеңі өткізілді.
Ақмола облысының атынан Атбасар ауданы Новосельская орта мектебінің педагог-психологы - Лащенко Михаил Александрович, Жақсы ауданы №2 орта мектебінің педагог-психологы - Төлегенова Кенжегүл Енбекшілқызы, Көкшетау қаласы №6 орта мектеп-лицейінің педагог-психологы- Бекахметова Жұлдыз Жасқайратқызы, Целиноград ауданы Қосшы ауылы №2 орта мектебінің педагог-психологы –Власенко Наталья Степановна қатысты.
«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша жүлделі 2 дәрежелі дипломмен Бекахметова Жұлдыз Жасқайратқызы Көкшетау қаласы №6 орта мектеп-лицейінің педагог-психологы, 3 дәрежелі дипломмен Төлегенова Кенжегүл Енбекшілқызы Жақсы ауданы №2 орта мектебінің педагог-психологы марапатталды.
Біздің республикалық конкурс жеңімпаздарын жүлделі орындармен құттықтай отыра, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.