Облыстық кезең жеңімпаздарынан құралған Ақмола облысының мұғалімдер делегациясы 2017 жылғы 1 – 2 қараша күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдерінің арасында өткен V Халықаралық шығармашылық конкурсына қатысты. Оқушыларды олимпиадалар мен конкурстарға дайындаумен және өз білімін арттырумен айналысатын мұғалімдерді әдістемелік қолдау осы конкурстың нәтижелерінде көрініс тапты.
Математика, физика және информатика мұғалімдерінің арасында өткен V Халықаралық шығармашылық конкурсының қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы № 6 орта мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Гартунг Сергей Александрович марапатталды. Тапсырмалардың қиындық деңгейі мен педагогтардың білімін бағалау критерийлері білім беру кеңістігінде ақпараттар көлемінің артуына байланысты жыл сайын қиындай түсуде. Математика және физика пәндерінің мұғалімдері конкурс нәтижелерін ранжирлеу бойынша педагогтардың ондығына кірді.
Сергей Александровичті лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен талантыңыз озық педагогикалық тәжірибенің кеңістігін кеңейту үшін әрқашан табыстың сарқылмас күш-қуаты болуына тілектеспіз! Денсаулық және жаңа шығармашылық табыс тілейміз!