«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеренді ауданында әдістемелік күндер бойынша ақпарат

03.11.2017

2017 жылғы 2 қараша күні Зеренді ауданында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Қарлығаш Есімқызы Құдабаеваның, мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы Алма Қайыркенқызы Мұхамеджанованың және әдіскер Гүлжан рамазанқызы Бекежанованың қатысуымен облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің әдістемелік күндері өтті. Әдістемелік күннің мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұнының аясында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістерді, кейбір нормативтік құжаттарды енгізуді түсіндіру және талқылау. Барлығы білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және білім бөлімінің мамандарының қатарынан 120 адам қатысты.

Диалогтық алаңды өткізу барысында білім беру процесін ұйымдастыруға қатысты жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері жөніндегі мәселелер талқыланды: курстық даярлау, 5 күндік оқу аптасын енгізу, санитарлық- эпидемиологиялық нормаларды сақтау,2,5,7 сыныптардағы МЖМББС, мектепішілік бақылау мәселелері, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, типтік оқу бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, ҰБДҚ қатысты мәселелер, Күнделік КZ электронды журналды толтыру, оқу- жұмыс жоспарларын құру, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс, мектептің ұйымдастыру мәселелері. Мектеп аттестациясының механизіміне, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың жұмысындаға басқарушылық принциптерінің мазмұнына назар аударылды. Педагогикалық қызметкерлерді және білім беру ұйымдарын аттестаттау рәсімдерін өзгерту және толықтыру бойынша сұрақтар қойылды.

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст