Елде болып жатқан заманауи өзгерістер, қоғамның жылдам ақпараттануы және динамикалығы білім талаптарын түбегейлі өзгертеді. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «...жаңару процесінің табыстылығының бірі - ұлттық білім жүйесінің жаңару табыстылығы болып табылады» деп атап өткен. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту барлық негізгі бағыттар бойынша іске асырылады.
Білім мазмұнын жаңарту – орта білімнің моделін, оның құрамын, құрылысын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарау, оқушылар жетістіктерін жаңа бағалау жүйесі негізінде енгізу.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша жаңартылған білім құрамының талаптарына сәйкес 5,7 сынып мұғалімдерін дайындау мақсатында а.ж. 24 қазанында Сандықтау ауданының Балкашин №1 ОМ базасында облыстық семинар өтті. Семинарға 5-7 сыныптардың 78-ден аса пән-мұғалімі, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты. Семинар бағдарламасы практикалық бөлімнен (ашық сабақтар) және дөңгелек үстелде теориялық бөлімді талдаудан құралды. Облыстық оқыту семинарының іс шарасы пән-мұғалімдеріне маңызды сұрақтарға жауап алуға көмектесті.