«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері бойынша өткізілген семинар-кеңеске қатысу туралы ақпарат

20.10.2017

2017 жылғы 19-20 қазан күндері Астана қаласы Еуразия ұлтық университетінде облыстық, Астана және Алматы қалалық әдістемелік кабинет және аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларына арналған республикалық семинар-кеңес өтті. Семинардың тақырыбы: «Республикадағы жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері».

Кеңес модераторы ҚР Білім және ғылым вице-министрі А.К.Аймағамбетов жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері бойынша негізгі мәселелерді түсіндіріп өтті. Семинар-кеңес қатысушыларының алдында ҚР БҒМ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, НЗМ ДББ білім беру бағдарламалар орталығының, қорғаныс министрлігінің, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының, «Оқулық» РҒПО, «Күнделік» ААБ компаниясының, «Атамекен» ұлтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері сөз сөйледі. Семинарға Ақмола облысының аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық ОӘК әдіскерлері қатысты.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст