2017 жылғы 5-қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Сағадиев қатысуымен «Үздік педагог-2017» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздар арасында Ақмола облысының намысын қорғап конкурсқа қатысқан: Калиева Әсел Өтегенқызы- Көкшетау қаласы, №11 «Арай» балабақшасының музыкалық жетекшісі; Кошанов Серік Сүлейменұлы - Көкшетау қаласы № 17 мектеп-гимназиясының биология және химия пәндері мұғалімі; Кинцель Александр Евгеньевич – Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия- мектебінің биология пәні мұғалімі, Лазорский Антон Михайлович- Щучинск қаласы Жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
Педагогтарды жоғары атағымен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар, отбастарыңызға амандық тілейміз.