Физика-математикалық білімнің кәсіби шеберлігін және сапасын арттыруға ықпал ете отырып, мұғалімнің мәртебесін көтеру мақсатында 2017 жылғы 22 қыркүйек күні Көкшетау қаласында №5 «Таңдау» мектеп-гимназияда Ақмола облысы білім беру ұйымдарының математика, физика және информатика мұғалімдерінің V Республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға Көкшетау, Степногорск қалаларынан, 15 ауданнан және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан 49 педагог қатысты. Жақсы, Есіл аудандары қатыспады. Конкурс қатысушыларына түрлі сипаттағы қиын тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың критерийлері педагогтардан тапсырмаларды жай ғана шешіп қоймай, бірнеше тәсілдермен шешуді, терең талдау жүргізуді, дәлелдеуді, проблемаларды шешудің ерекше тәсілдерді көрсетуді талап етті. Сондай-ақ, педагогтың ұсынылған жеке портфолиосындағы жұмыс жүйесіне назар аударылды.
Конкурс қорытындысы кейінірек жарияланатын болады.