«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы және Атбасар аудандарында өткен әдістемелік күндер қорытындысы бойынша ақпарат

21.09.2017

Оқу - әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің кезекті әдістемелік күндері Ақмола облысының екі ауданында өтті. Диалогтық алаң жұмысына Жақсы аудандық білім бөлімінің басшысы А.С.Саутова қатысты. Барлығы екі ауданнан 223 адам қатысты: жалпы білім беретін мектептердің директорлары, мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері.

Кездесу барысында нормативтік – құқықтық база мәселелері, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, шағын жинақты мектептер, тақырыптық оқу жоспарлары, оқу-жұмыс жоспарлары, тарифтеу, сабақ кестесі, санитариялық – эпидемиологиялық нормалардың өзгеруі, жұмыс режимі, әдістемелік- нұсқаулық хат жөніндегі мәселелер, ҰБДҚ, Күнделік КZ электрондық журналды толтыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту индикаторларына кіретін тарифтеу, жаңартылған білім беру мазмұнынының аясында педагогтарды курстық даярлау қосымша орындары, курстан өтетін мұғалімдерді ауыстырған кезде инварианттық компонентті сағаттарды өткізу, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар тізбесі, көптілділікті дамыту бойынша Жол картасының ережесі қарастырылды. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру принциптері, әдістері, формалары, міндеттері талқыланды. Мектеп аттестаттау мәселелеріне, оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың жұмысындағы басқару принциптерінің мазмұнына ерекше көңіл бөлінді.

Педагог қызметкерлерді және білім беру ұйымын аттестаттау рәсімдерін өзгерту және толықтыру бойынша сұрақтар қойылды. Семинардың барлық қатысушыларына электронды және қағаз нұсқада ақпараттық және әдістемелік материалдар таратылды.

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст