«Абай оқулары» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша Ақмола облысынан 2017 жылғы 10-14 қыркүйек аралығында Семей қаласында өткен республикалық кезеңге Ақмола облысынан 4 оқушы қатысты. Конкурс 4 номинация бойынша өтті: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Алдажуманова Анель Ерементау ауданы №2 ОМЛ 10 сынып оқушысы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - Ашимхан Аблайхан Көкшетау қаласы Красный Яр №1 ОМ 10 сынып оқушысы, «Көңілім әнді оғады» - Силам Мерей Зеренді ауданы Ақадыр ОМ 9 сынып оқушысы, «Ұлылар әлемі» - Кеншілік Ырыскүл Астана қаласы №2 ДБАОММИ 11 сынып оқушысы.
Республикалық турдың қорытындысы бойынша Ерейментау ауданы №2 ОМЛ оқушысы Алдажуманова Анель «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 3 орынға ие болды.