«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сандыктау ауданында әдістемелік күндер қорытындысы бойынша ақпарат

20.09.2017

2017 жылғы 20 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен Сандықтау ауданы Балқаш №1 орта мектебінің базасында мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, білім бөлімінің әдіскерлерінің қатысуымен ақпараттық – түсіндіру жұмыстары өтті. Диалогтық алаңға барлығы 75 адам қатысты.

Жиналыс барысында санитариялық – эпидемиологиялық нормалардың өзгерулерімен нормативтік-құқықтық базаға қатысты мәселелер, 5 күндік оқу аптасын енгізу ерекшеліктері, 2017-2018 оқу жылғы әдістемелік- нұсқаулық хат жөніндегі мәселелер қарастырылды. Мектепішілік бақылау және өзін-өзі аттестаттау, 27 пилоттық мектеп жұмысының аясында үштілді білім беру, 5,7 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының ерекшеліктеріне басты назар аударылды.

Жұмыс барысында ШЖМ біріктірілген сыныптар, жаңартылған білім беру мазмұнының аясында сыныптардағы оқу жүктемесін бөлу және оқу-әдістемелік кешен бойынша сұрақтар қойылда (дәптерлер үлгілері суммативному бағалау бойынша). Мектепішілік басқару мәселелері бойынша мектеп директорларымен сауалнама жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша басшылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, критериалды бағалау мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.

Просмотров: 616


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст