«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеренді ауданында әдістемелік күндер қорытындысы бойынша ақпарат

19.09.2017

2017 жылғы 19 қыркүйек күні Зеренді №1 орта мектебінде мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, білім бөлімінің әдіскерлерінің қатысуымен ақпараттық – түсіндіру жұмыстары өтті. Барлығы 128 адам қатысты.

Санитариялық – эпидемиологиялық нормалардың өзгерулерімен нормативтік-құқықтық базаға қатысты мәселелер, 5 күндік оқу аптасын енгізу ерекшеліктері, 2017-2018 оқу жылғы әдістемелік- нұсқаулық хат жөніндегі мәселелер қарастырылды. Мектепішілік бақылау және өзін-өзі аттестаттау, 27 пилоттық мектеп жұмысының аясында үштілді білім беруге басты назар аударылды.

5-7 сыныптарда күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, жаңартылған білім беру мазмұнының аясында журналдарды толтыру және пән мұғалімдерін қайта даярлау курстары, ШЖМ біріктірілген сыныптар жөніндегі мәселелер талқыланды.

Барлық семинар қатысушыларына электронды және қағаз нұсқада таратпа материалдар, нормативтік құжаттар берілді.

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст