ҚР Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Аймағамбетовтың төрағалығымен онлайн режимінде өткен а.ж. 4 қыркүйектегі жаңа 2017-2018 оқу жылғы өзекті мәселелері бойынша ҚР БҒМ кеңесінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасы "Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті" КММ-нің жоспарының негізінде оқу-тәрбие үрдісінің жай-күйін зерделеу және келесі мәселелер бойынша әдістемелік практикалық көмек көрсету мақсатында мектеп әкімшілігін тарта отырып аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне әдістемелік күндердің шығу кестесі әзірленді. Диалогтық алаңға барлығы 78 адам қатысты.
Жарқайың ауданының білім бөлімінде 22 білім беру ұйымы қызмет етуде. Кеңестік – әдістемелік көмек көрсету диалогтық алаңдар нысанында белсенді түрде өтті. Нормативтік – құқықтық база, ҰББДҚ қатысты мәселелер, Күнделік КZ электрондық журналды толтыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту индикаторларына кіретін тарифтеу, жаңартылған білім беру мазмұнынының аясында педагогтарды курстық даярлау қосымша орындары туралы, курстан өтетін мұғалімдерді ауыстырған кезде инварианттық компонентті сағаттарды өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды.
Барлық сұрақтар бойынша нормативтік – құқықтық құжаттар көрсете отырып түсініктемелер берілді. Диалогтық алаңға білім бөлімінің басшысы А. Х. Искакова қатысты. Ол аудандық білім беру ұйымдарына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны нені білдіреді?» жобасының авторы болып табылады. Мектеп әкімшілігі сертификат берілетін екі күндік семинарды немесе Жарқайың ауданының аумағында жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогикалық шеберлік Орталығы өкілдерінің қатысуымен курстарды өткізу қажеттілігін айтып өтті.