ҚР Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Аймағамбетовтың төрағалығымен онлайн режимінде өткен а.ж. 4 қыркүйектегі жаңа 2017-2018 оқу жылғы өзекті мәселелері бойынша ҚР БҒМ кеңесінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасы "Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті" КММ-нің жоспарының негізінде оқу-тәрбие үрдісінің жай-күйін зерделеу және келесі мәселелер бойынша әдістемелік практикалық көмек көрсету мақсатында мектеп әкімшілігін тарта отырып аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне әдістемелік күнінің шығу кестесі әзірленді: білім беру мекемелерінің білім беру қызметін жүзеге асыратын нормативтік - құқықтық базасын түсіндіру, білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптарға өзгерістер енгізу туралы, 5 күндік оқу аптасын енгізу туралы, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жаңа МЖМБС және оқу жоспарларының мен бағдарламаларының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері туралы, жалпы білім беретін мектептерде білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы, жалпы білім беретін мектептерде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы, педагогикалық кадрларды аттестаттау және білім беру ұйымдарын аттестаттау Рәсімі туралы, мектепішілік басқару мәселелері туралы, облыстағы педагог кадрларды курстық даярлау;
Әдістемелік күндер Аршалы ауданының №2 орта мектебінде және Ерейментау ауданының Т. Шаханов атындағы № 3 орта мектебінде білім беру мекемелері директорларының, мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, білім бөлімінің әдіскерлерінің қатысуымен өтті. Барлығы диалогтық алаңға 116 адам қатысты.
Әдістемелік көмек беру диалогтық алаң түрінде өтті, жоғарыда аталған мәселелерден бөлек, ҰБДҚ, Күнделік КZ электрондық журналды толтыру, тарифтеу, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту индикаторлар кіретін Рухни жаңғыру бағдарламасын іске асыру, жаңартылған білім беру мазмұнының аясында педагогтерді курстық дайындау кезіндегі қосымша орындар жөніндегі мәселелер талқыланды.
Барлық сұрақтар бойынша нормативтік – құқықтық құжаттар көрсетіле отырып түсініктемелер берілді.