2017 жылғы 4 қыркүйек күні Петропавл қаласының "Солтүстік Қазақстан сервис және кәсіптік оқыту колледжі" ЖМ-де мемлекеттік тапсырманы іске асыру шеңберінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдіснамасын құру" республикалық дөңгелек үстел өтті.
Модераторы "Қәсіпқор Холдингі" КЕАҚ-ның ТжКББҰ дамыту және мазмұны басқармасының басшысы Ж. К. Далабаев.
Дөңгелек үстелдің жұмысына "Қәсіпқор Холдингі" КЕАҚ-ның қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері және Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер Палатасы, республика өңірлерінің ТжКББ ұйымдары қатысты.
Біздің өңірдің құрамына ерекше оқу қажеттіліктері бар тұлғаларды жұмыс кәсіптері мен мамандықтарына оқыту технологияларын мен әдістемелерін енгізу бойынша тірек ұйымдарының - ресурстық орталықтардың өкілдері кіретін делегацияны (Көкшетау қ., №1 құрылыс-техникалық колледжі, Көкшетау қ., Ақан сері атындағы мәдениет колледжі, Красный Яр селосы № 3 агротехникалық колледжі) Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты М. У.Ибраев басқарды.
Ерекше оқу қажеттіліктері бар балаларды кәсіптік білім беру жүйесі арқылы бейімдеу, ТжКББ ұйымдарында ерекше оқу қажеттіліктері бар тұлғаларға қолжетімді ортаны құру, инклюзивті және біріктірілген топтардың толымдылығы - дөңгелек үстелдің пленарлық бөлімінде талқыланған мәселелердің бөлігі ғана.
Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы В. В. Литвиненконың пікірі бойынша білім беруді басқару органдарының маңызды міндеттердің бірі барлық мүдделі тараптарды ерекше оқу қажеттіліктері бар тұлғаларды кәсіби оқыту жөніндегі мәселелерді шешуге тарту болып табылады.
Ақмола облысының қатысушылары ерекше оқу қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жобасын жетілдіру жұмысына белсенді қатысты.