Жаңа 2017-2018 оқу жылының алдында Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі болып өтті.
Ақмола облысы білім қызметкерлерінің "Қазақстанның жаңғыруы -3.0 – білімнің үлесі" тақырыбындағы тамыз кеңесінің пленарлық отырысы мен секциялық алаңдарына аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалалары әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары, педагогикалық қызметтегі еңбек ардагерлері, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, білім бөлімдерінің басшылары, аудандық (қалалық) әдістемелік қызмет жетекшілері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, әдіскерлер, тәрбиешілер, кәсіподақ комитеттерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.
Тамыз кездесулері білім беру жүйесін дамыту үшін үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие, ақпараттандырылуды, кәсіби хабардар болуды арттырады, үйреншікті іске кеңінен және жалпылай көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кеңес жұмысына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мусралимова Айна Ермекқызы, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Нұрмолдин Дулат Нұрахметұлы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Байжанов Нұрсейіт Абсаттарұлы қатысты.
Құттықтау сөзбен және "Қазақстанның жаңғыруы -3.0 – білімнің үлесі" тақырыбындағы негізгі баяндамамен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы В.Г.Гамазов сөз сөйледі.
Кеңес аясында жалпы білім беретін мекемелердің әдістемелік көрмесі ұйымдастырылды.
Өткен оқу жылының жұмыс қорытындысы бойынша облыс педагогтары облыс әкімінің алғыс хаттарымен, «Ы.Алтынсарин" төс белгісімен және Қазақстан Республикасының «Құрметті білім қызметкері", Құрмет грамоталарымен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Көкшетау қ. № 5 "Таңдау" көпсалалы гимназиясына "Орта білім беретін үздік ұйым" сертификаты тапсырылды. "Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2017" республикалық байқаудың қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған № 2 мектеп-интернаты 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.