2017 жылдың 19 шілдесінде Ақмола облысының жалпы орта білім беретінмектеп оқушылары арасында «Адал ұрпақ» клубтарының логотипі мен тиістілік белгісі жобаларының байқауы өткізілді.
Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті агенттігінің тапсырмасының орындалуы үшін өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты - Адал ұрпақ» клубтарының логотипі мен тиістілік белгісіні (галстуктер, шарфтар, төсбелгілер) үздік жобаларын анықтау.
Қатысушылар байқауға сыбайлас жемқорлықпен күрескерлердің ашықтық және адалдық, биіктік пен тектілік сезімін білдіретін қолмен және компьютерлік графиканы пайдалана отырып салған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Қазылар алқасының шешімімен орындар келесідей бөлінді: I орын – Старк Кристина, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 ОМ 9 сынып оқушысы, II орын –Жуманалина Сауле, Бұланды ауданы, Капитоновка ОМ 9 сынып оқушысы, III место – Грищенко Артём, Көкшетау қаласы, №1 ОМ 7 сынып оқушысы.
Жүлделі орындардың иегерлері дипломдармен, қатысушылар грамотамен марапатталатын болады.