ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – "Болашақ энергиясы" – бұл халықаралық қоғамдастықтың энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын көрсетеді, ол ғаламшарға барған сайын үлкен әсерін тигізуде. 2012 жылдың қараша айында Парижде 103 мемлекет дауысын Қазақстанға берді. Бұрынғы кеңес одағы аумағы бойынша осы сияқты іс-шара өткізу құқығын бірінші болып иеленген Қазақстан екендігін айта кету керек. "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылу қарсаңында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) кезекті саммиті болып өтті, және бұл маңызды іс-шараға келген барлық көшбасшылар келесі күні көрменің ашылу салтанатына қатысты. Қазақстан ең жоғары деңгейдегі екі оқиғаны сәтті біріктіріп, ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін көрсете алды.
Бұл көрмеге барлығы: біздің отандастар да, шетелдік туристер де қатыса алады. Астанада 25 га аумаққа шағын қалашық салынды, онда әлемнің 115елінің экспозициялары орналастырылған. Келушілер павильондарда "Болашақ энергиясы" тақырыбы бойынша қай елдің болмасын қызмет ерекшеліктерімен таныса алады. Қазақстанның павильоны жеке бір әңгіме қозғауға лайықты. Павильон ғимараты сфера түрінде салынған, аумағы бес мың шаршы метр және сегіз қабаттан тұрады, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін елдің мәдени құндылықтарымен қатар көрсетеді.
Біз тақырыптық павильондарды көріп таң-тамаша болдық: бірінде лазермен басқарылатын автомобильдермен болашаққа өтіп, пилотсыз автомобиль, ақылды тоңазытқыш, басқа да ақылды үйлер мен балабақшалар сияқтыларды көрдік. Біреуінде энергия өндіріп, энергетика тарихын зерттеді. Барлық іс-шаралардың негізгі идеясы: ғаламшарды сақтау үшін бір нәрсе істеу, белгілі бір қадамдар жасау керек дегенге сайып келеді.
Бұдан әрі бізге көп әсер қалдырған бірнеше павильондарға бардық. Олардың қатарында Жапония, АҚШ, Қытай, Ресей, Германия, Монако, Корея. ЭКСПО көрмесінің барлық павильондарын бір күнде айналып өту мүмкін еместігін атап өткіміз келеді, сондықтан қаласаңыз, көрмеге тағы бір немесе бірнеше рет баруды жоспарлауға болады. ЭКСПО көрмесінің Астанада үш айға созылатыны қандай жақсы, соңында қорытындысын жасауға болады. «Көруге шақырамыз!».