Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2017 жылғы 16 маусымда Көкшетау қаласында Келісім сарайында сағат 10.00 –де Ақмола облысынының әкімі өзге ұлт өкілдері мектепке дейінгі, мектеп алды жасындағы және 1-11 сынып оқушыларының арасында қазақ тілінен өткізілген облыстық шығармашылық байқауының женімпаздарымен кездесу өткізді. "Мәңгілік ел" идеясын іске асыру шеңберінде балалар мен оқушылардың еліміздің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау үшін алғашқы рет өзге ұлт өкілдерінің арасында осындай байқау өткізілді.
Осы іс – шараның мақсаты – бірінші, екінші, үшінші орындары үшін 150 000, 130 000, 100 000 мөлшерлерінде алтын, күміс, қола сертификаттарымен марапаттау.