Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 9 маусым күні Атбасар ауданы №5 «Алтын бесік» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарында инклюзивтік білім беру кеңістігін құру» тақырыбы бойынша Атбасар, Сандықтау, Жарқайын, Жақсы, Есіл ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілеріне арналған облыстық аймақтық семинар өтті.
Семинар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бейімдеу және түзету-дамытушылық орта құруға үлес қосу бойынша проблемалар мен перспективаларды анықтау мақсатында өткізілді.
Семинарға Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ әдіскерлері, Атбасар, Сандықтау, Жарқайын, Жақсы, Есіл ауданындағы білім бөлімінің инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша әдіскерлер, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бойынша әдіскерлер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қатысты.
Семинар Ақмола облысының инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Ибраев Марат Өмірбайұлының басшылығымен жүргізілді.
Семинар жұмысы екі бөлімнен тұрды:
I практикалық бөлім
II теориялық бөлімі
Семинардың І бөлімінде тәрбиешілер, психологтер, логопедтер, дене шынықтыру нұсқаушысы жаратылыстану, дене шынықтыру пәндері бойынша шипажай және логопедтік топтарда сабақ өткізді.
Семинардың ІІ бөлімінде ресурстық орталығының үйлестірушілері, Көкшетау қаласындағы №7 «Айша» балабақшасының психологі, түзету және инклюзивтік білім беру кабинетінің әдіскері, Ақмола облысы білім басқармасы ОӘК әдіскері, Атбасар аудандық білім бөлімінің инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша әдіскері, Атбасар, Сандықтау, Жарқайын, Жақсы, Есіл ауданындағы тірек балабақшалардың меңгерушілері баяндамаларын оқыды.
Семинардың соңында мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруді енгізу дайындығын анықтау мақсатында балабақша меңгерушілеріне сауалнамалар таратылды.
Баяндамашыларды тыңдап, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде бейімдеу және түзету-дамытушылық орта құру бойынша негізгі бағыттарды, проблемалар мен перспективаларды талқылай келе, семинар қатысушылары пікірлерімен алмасты.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылармен әдістемелік ұсынымдар қабылданды және ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылды.