Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 2 маусым күні Целиноград ауданы «Әсем-ай» Экологиялық балабақшасында «Мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивтік білім беру кеңістігін құру» тақырыбы бойынша Целиноград және Ерейментау ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілеріне арналған облыстық аймақтық семинар болып өтті.
Семинар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін-өзі толыққанды тұлғалық көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бейімделу және түзету-дамыту ортасын құру бойынша проблемалар мен перспективаларды анықтау мақсатында өткізілді.
Семинарға Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ әдіскерлері, Ерейментау және Целиноград ауданындағы білім бөлімінің инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша, мектепке дейінгі тәрбие және білім берудегі әдіскерлер, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері қатысты.
Семинар Ақмола облысының инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Ибраев Марат Өмірбайұлының басшылығымен жүргізілді.
Семинар жұмысы екі бөлімнен тұрды:
I практикалық бөлім
II теориялық бөлімі
Семинардың І бөлімінде «Әсем-ай» Экологиялық балабақшасының психолгі, логопеді, дефектологі, дене шынықтыру нұсқаушысы, әлеуметтік педагогі өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың ІІ бөлімінде Облыстық инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық орталығының үйлестірушілері, Ақмола облысы білім басқармасының ОӘК, Целиноград аудандық білім бөлімінің, «Әсем-ай» Экологиялық балабақшасының әдіскерлері, Көкшетау қаласындағы №7 «Айша» балабақшасының психологі, коррекция кабинетінің әдіскері, Ерейментау ауданы «Болашақ» бөбекжай балабақшасының логопеді, баяндама оқыды.
Баяндамашыларды тыңдап, негізгі бағыттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін-өзі толыққанды тұлғалық көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бейімделу және түзету-дамыту ортасын құру бойынша проблемалар мен перспективаларды талқылай келе, семинар қатысушылары пікірлерімен алмасып, сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ, семинардың қатысушыларына инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша балабақшалардың дайындығын анықтау мақсатында сауалнамалар таратылды. Сауалнама жасырын түрде өткізіліп жабық қорапқа салынды.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға ұсыныстар мен әдістемелік материалдар таратылды.