Павлодар облысы Баянауыл кентінде 2017 жылғы 26-29 мамыр аралығында жас зияткерлер химия, биология, география, физика, математика және информатика пәндерінен олимпиада өтті. Олимпиада көрнекті ғалым, ғылым ұйымдастырушы, ұлтын сүйген ұлы тұлға, ғұлама геолог-ғалым, қоғам әрі мемлекет қайраткері, Ұлттық Ғылым Академиясының негізін қалаушы Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне аталған
Олимпиаданың мақсаты: ғылым саласында білімдерін жалғастыруға бейімделген зияткер балаларды анықтау мен қолдау.
Олимпиаданың басты ерекшілігі - математика және жаратылыстану-ғылыми бағыттары пәндерінің өзара кіріктірілуі.
Ұйымдастыру комитеті, әдістемелік комиссия және әділ қазылар алқасы Қазақстанның дарынды балаларға арналған білім беру мекемелерінің ең үздік мұғалімдері мен Ресейдің ғалымдарынан құрастырылды.
Халықаралық олимпиадаға еліміздің 9 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен және Ресей Федерациясының Якутия (Саха Республикасы), Новосібір, Омбы қалаларынан 38 команда құрамында 235 оқушы қатысады. Биыл алғаш рет олимпиада қатысушыларының қатарында Челябинск қаласының командасы.
Олимпиаданың қорытындысы екі бөлімнің нәтижесі бойынша – командалық есеппен және жеке біріншілікте шығарылады.
Барлығы 38 команда құрамында Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен және Ресей Федерациясының Якутия (Саха Республикасы), Новосібір, Омбы қалаларынан 235 оқушы қатысады. Биыл алғаш рет олимпиада қатысушыларының қатарында Челябинск қаласының командасы.
Ақмола облысынан дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының және білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының» 7-8 сыныптарынан 6 оқушыдан тұратын 2 команда қатысты.
1.Бекешова Айым – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
2.Кадыр Риза – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
3.Зайнулинов Даниал – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
4.Жанибеков Амирхан – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
5.Думанбек Шынар – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
6.Мурат Сакен – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
7.Русланұлы Абдуллаһ - білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
8.Ескенов Ильяс - білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
9.Сержан Мирас - білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
10.Кенжетай Мағжан - білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
11.Шарипов Амирлан - білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
12.Кушербаев Асет - білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыс командасында «Бағдарламалау» бағытта ІІІ дәрежелі дипломымен «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Шарипов Амирлан марапатталды, және «Ақпараттық технологиялар» пәні бойынша да Амирлан ІІІ дәрежелі дипломға ие болды, Русланұлы Абдуллаһ - «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы жаратылыстану-ғылыми бағытта ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Сержан Мирас - білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы «География» пәнінен және Думанбек Шынар – дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы «Биология» пәнінен құрмет грамотасымен марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлері бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.