«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысындағы мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2017» облыстық конкурсын өткізу туралы ақпарат

25.05.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 16 қантардағы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығы мен Ақмола облысы білім басқармасының 2017 жылғы 11 сәуірдегі «Үздік педагог-2017» конкурсын өткізу туралы» №97 бұйрығы негізінде 2017 жылдың 23-24 мамыр күндері Бурабай ауданы, Щучинск қаласыдағы «Ақбота» бөбекжайында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог - 2017» облыстық конкурсы өткізілді.

Конкурсқа 12 ауданнан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымдарының 14 тәрбиешісі қатысты.

Дәстүрлі конкурстың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру деңгейін арттыру, педагогикалық тәжірибені тарату және жалпылау.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды:

І-кезең. «Менің кәсіби ұстанымым» атты педагогтың өзін-өзі таныстыру.

Барлық қатысушылар өзін таныстырғанда мамандық ерекшелігін, жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйымы таныстырып өтті. Өздерің ерекшелік, әртістік қабілеттерімен қатар ішкі және сыртқы педагогикалық мәдениеттілігін көрсете білді.

ІІ-кезең

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған оқу үрдісін жүргізу. Жасына және оқу жоспарына, сабақтарда инновациялық әдістер, технологиялар және бағдарламаларды қолдану педагогикалық техника және педагогикалық шеберлігіне сәйкестігі және интеллектуалды-шығармашылық түрінде өз ойын білдіру үшін жағдайлар жасау бойынша сабақтар өткізу сапасы бағаланды.

ІІI-кезең. «Шығармашылық зертхана»

ІІI-кезеңде қатысушылар әдістемелік көрме көрсетті, онда қызметін, сабақтардың авторлық, ғылыми-әдістемелік әзірмелерін, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік кешендерді және т.б. көрмелер және таныстырулар, фото-бейне материалдар түрінде әдістемелік жұмыстарын көрсетті. Конкурстың аталған кезеңінде материалдарды берер кезде, педагогтар түпнұсқалы және шығармашыл түрде ұсынды.

Педагогтың педагогикалық қызметтегі жетістіктері мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

1) тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің жоғары нәтижелілігі (даму индикаторларының негізінде бала құзыретті дамуының мониторингі, шығармашылық конкурстарындағы, спорт жарыстарындағы жетістіктері);

2) педагогтың кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы мәліметтер);

3) өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату туралы мәліметтерді қоса алғанда, педагогтың педагогикалық қызметіне өзіндік талдау жасау (шебер сыныбы бойынша әзірлемелер, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, педагогтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйленген сөздер, басылған әдістемелік еңбектер, салааралық және халықаралық ынтымақтастықтарды дамыту);

4) педагогтың кәсіби шеберлігін және тұлғасын бағалау (әкімшіліктің, әріптестердің, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның өкілдерінің пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензиялар, алғыс хаттар, мақтау қағаздары, дипломдар);

5) педагогтың өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытудағы үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық тәжірибегі енгізу жөніндегі жұмыс, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу).

Конкурстың қорытындылары бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерге Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сертификаттары табыс етілді.

Көкшетау қаласы № 11 «Арай» балабақшасының музыка жетекшісі Калиева Асель Утегеновна - Гран-при дипломымен және 150 000 теңге сертификатымен марапатталды.

Бурабай ауданы «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Галимжанова Жанна Амангельдиновна - І дәрежелі диплом және 100 000 тенге сертификаты табыс етілді.

Атбасар ауданы №4 «Еркежан» балабақшасының тәрбиешісі – Андрюшечкина Лилия Маратовна - ІІ дәрежелі диплом иегері аталып, 75 000 тенге сертификаты табыс етілді.

Целиноград ауданы «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі – Султангалиева Гульзат Назаралиевна - ІІІ дәрежелі диплом және 50 000 тенге сертификатын қанжығасына байлады.

Конкурсқа белсенді қатысқандар үшін 10 қатысушы білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.

Барлық қатысушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кұрмет грамотасы және сыйлықтары табыс етілді.

Балабақша тәрбиеленушілері берілген сабақ шеберлігіне қатысып, өз өнерлері мен білімдерін көрсете білді. Конкурс қатысушылары тек конкурсқа қатысып қана қоймай, сонымен қатар, бір-бірімен танысып, әкелген жұмыстарымен бөлісіп, өз тәжірибелерімен алмасты. Өздеріне көптеген пайдалы мағлұматтар алып, біліктілігін бір сатыға жоғарылатты. Жалпы айтқанда, қатысушылардың көңілінен шықты.

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст