«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық қызмет қызметкерлерінің семинары

23.05.2017

2017 жылғы 19 мамыр күні Щучинск қ. Педагогикалық колледжінде колледждердің педагог-психологтарына, әлеуметтік педагогтеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, колледждердің психологиялық қызметінің жұмысындағы маңызды мәселелерін талқылады.

Колледждердің психологиялық қызметі тартылған мәселелер аясы өте кең. Сондықтан, психологтардың бірінші семинарында «Педагогтың эмоционалдық жағдайы» және «Кәсіптік бағдар беру қызметінде психологиялық қызметтің маңызы» тақырыптары талқыланды.

Семинар жұмысында Дубровина И. Г., "Өрлеу" БАҰО Ақмола филиалының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы «Педагогтермен және студенттермен жұмыс істеу барысында колледж психологтары қызметінің практикалық аспектісі» және Анисимова Г. А., "Арман" мектептен тыс оқу-тәрбие жұмысы Орталығының педагог-психологы «Тұлғаның әлеуметтенуінде тәрбиелеу әлеуетінің бірігуі» тақырыптарында сөз сөйледі. ТжКББ ұйымдарындағы психологиялық қызметтің рөлі туралы психолог М. Е. Жұмағұлова және әлеуметтік педагог Г.А.Жанабилова, Пухнова Елена Борисовна Щучинск қаласы, Педагогикалық колледжі, бастауыш білім беру бөлімінің меңгерушісі айтып өтті.

Педагогттер «Кәсіптік жағдайдың синдромы - ішкі көзқарас» тақырыбында Е.В Канаева Степногорск қ., №2 құрылыс- техникалық колледжінің психологымен және Е.В.Молоткова, Қатаркөл а., ауыл шаруашылық колледжінің психологымен ұсынылған шеберлік сабақтарына қызығушылықпен қатысты.

"Кәсіптік бағдар беру қызметіндегі психологиялық қызмет" тақырыбында Көкшетау қ., № 1 құрылыс-техникалық колледжінің педагог-психологы Кудабаева Ирина Ивановна және әлеуметтік педагогы Пишукова Татьяна Ивановна сөз сөйледі. Щучинск қ. туризм және сервис индустриясы колледжінің педагог-психолог Крылова Татьяна Николаевна және Щучинск қ., экология және орман шаруашылығы колледжінің педагог-психологы Абдрахманова А. С. өз тәжірибесімен бөлісті. Педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтердің облыстық "Педагогикалық қоржынын" құру, семинардарға тағлымдамадан өтетін психологтарды шақыру ұсынылды.

Семинар аясында қатысушылар мен қонақтар үшін колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст