«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңартылған әдістемелер бойынша оқыту-сапалы білім берудің және мұғалімдердің кәсібилігін арттырудың кепілі ретінде» тақырыбындағы аймақтық семинар – практикум туралы

19.05.2017

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 16 мамырда «Жаңартылған әдістемелер бойынша оқыту-сапалы білім берудің және мұғалімдердің кәсібилігін арттырудың кепілі ретінде» тақырыбындағы аймақтық семинар – практикумы болып өтті. Семинар-практикумға Бұланды ауданы Макинск қ. базасындағы 2 мектепте алты ауданның қатысуымен өтті.

Семинар жұмысына Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын аудандарынан 68 педагог қатысты. Бұланды ауданы мұғалімдерінің эксперименттік алаң ретінде оқытудың жаңартылған білім беру мазмұнын бойынша тәжірибе алмасулары семинардың өзекті бағыты бағыты болды.

Жаңартылған әдістемелер енгізе отырып, ашық сабақтар (оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын, әдістері мен тәсілдері жамыту, пәндік мазмұнын білімін интеграциялау, үштілділікті енгізу аясында ағылшын тілін енгізу элементтері), мастер-кластар, коучингтер өткізілді.

Семинар жұмысының қорытындысы зерттеу әдістемесі Lesson Study сабағын зерттеу арқылы жасалды, оның барысында семинарға қатысушылар ақпарат жинаудың белсенді әдістері арқылы проблемалық сұрақтарды шешті.

Бұдан әрі қарай критериалды бағалау жүйесін жетілдіру бойынша семинар-практикумдар өткізу қажет. ЖМБ мұғалімдерге, мектеп тренерлеріне білімді критериалды бағалаудың сегіз өлшемі бойынша Ақмола облысы ПШО әзірленген ұсыныстар берілді.

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст