2017 жылдың 11-13 мамыр күндері аралығында Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» РОСО-да «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы 5-10 сынып оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерліктерін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.
Ақмола облысынан қашықтықтан өткізілген бірінші кезеңінің олимпиада жеңімпаздары қорытынды кезеңіне 7 қатысушы шақырылды.
Олимпиадаға қатысудың қорытындысы бойынша біздің облыстан Зеренді ауданы, Викторовка орта мектебінің 6 сынып оқушылары Дария Сергазина, Диана Афанасьева жеңімпаз ретінде атанып ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды және Еңбекшілдер ауданы, Донская орта мектебінің 5 сынып оқушыларына қатысқан үшін сертификат берілді.
5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!