«Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы» Халықаралық Қоғамдық Қоры 2016 жылдың қыркүйек айы мен 2017 жылдың наурыз айы аралығында қашықтық олимпиада өткізді.
Халықаралық қашықтық олимпиаданың жылдық жоспары бойынша 2017 жылы сәуір айының 29 күні Ақтобе қаласында Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Ақмола облысы бойынша Атбасар ауданынан 15 және Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытылатын) № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 5 олимпиада жүлдегерлері аталмыш шараға қатысты. Қашықтық Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!