2017 жылдың сәуірдің 27-30 күндері Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасы өткізілді.
Ақмола облысынан қашықтықтан өткізілген кезеңінің олимпиада жеңімпаздары қорытынды кезеңіне 11 оқушы қатысты.
Олимпиадаға қатысудың қорытындысы бойынша біздің облыстан Астана қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Ризабек Арна жеңімпаз ретінде атанып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оразбаева Арайлым – Бурабай ауданы, Щучье қ. «Мирас» мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы және Тулеген Мадина – Жақсы ауданы, №1 Жақсы орта мектебінің 9 сынып оқушысы грамоталармен марапатталды. Барлық оқушыларға қатысқан үшін сертификат берілді.
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!